$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2020, 16:04
Экономика

Орта және шағын бизнесті несиелендіруге 1 трлн теңге бөлінді – Руслан Дәленов

Соңғы алты айда қызмет көрсету саласы 5,6% құлдырады 

Орта және шағын бизнесті несиелендіруге 1 трлн теңге бөлінді – Руслан Дәленов
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов карантин кезінде орта және шағын бизнесті несиелендіруге 1 трлн теңге бөлінгенін мәлім етті.

«Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» жаңа бағдарламасы бойынша орта және шағын бизнесті несиелендіруге 1 трлн теңге бөлінді. Қосымша 400 млрд теңге «Қарапайым заттар экономикасының» бағдарламасы бойынша, 600 млрд теңге Ұлттық банк желісі  бойынша іске қосылды», - деді Руслан Дәленов.

Ұлттық экономика министрінің мәліметінше, пандемия кезінде ең көп шығынға қызмет көрсету саласы ұшыраған.

«Елімізде ең көп зардап шеккен –қызмет көрсету саласы. Оның осы жылғы алты айдағы төмендеуі 5,6%-ды құрайды. Бұл ретте экономиканың нақты секторында тұрақты өсу байқалады. Тауарлар  өндірісі – 4,1% өсті. Негізгі драйвер құрылыс – 11,2%,  өнеркәсіптегі өсім – 4,8 % құрады. Ол автомобиль жасағы – 46%, фармацевтика – 24%, дайын металл бұйымдарын өндіруі – 20%, жеңіл өнеркәсіп пен қағаз өндіру бұйымдарыт– 8%. Жалпы, мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін 2 миллион адамның жұмыс орнын сақтап қалуы үшін әкімдік, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында 148 мың меморандумға қол қойылды», - деп атап өтті министр.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары