$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2020, 13:45
Экономика

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 12 млрд теңгеге жуықтады

Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2020 жылғы қаңтар-маусым аралығында 82,2 млрд теңгені құрады

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 12 млрд теңгеге жуықтады
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-маусым аралығында 986,0 млрд теңгеге немесе 9,1%-ға ұлғайып, 11 786,5 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлайды.

«2020 жылғы қаңтар-маусым аралығында зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін «таза» кіріс 543,3 млрд теңгеге, 2020 жылғы 1 шілдеде 4 877,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ есептегенде) 2020 жылғы 1 шілдеде 10,9 млн шотты құрады», - делінген хабарламада.

2020 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары алады (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 41,8% және 26,9%).

Серіктес жаңалықтары