Қазақстан төрт елге 400 тоннаға жуық сары май сатқан

Ал, біздің елге Иран мен Беларусьтен сары май импортталған

Қазақстан төрт елге 400 тоннаға жуық сары май сатқан
Фото: ЖИ арқылы жасалды, © magnific.com / Riva94

Биыл қаңтар мен сәуір аралығында Қазақстан төрт елге, яғни, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Беларусь елдеріне 394 тонна сары май экспорттаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр осы аралықта Қазақстан 280,7 тонна сапы май сатқан.

«Ал, Қазақстанға Беларусь пен Иран 2 242,2 тонна сары май импорттаған. Осы төрт айда ішкі нарықта 15,7 мың тонна сары май сатылған», - деп хабарлайды Статистика бюросының ресми сайты.

Ал, күнбағыс майына қатысты статистика ұсынған бюро 2026 жылы қаңтар–сәуір айларында отандық кәсіпорындар 335,5 мың тонна тазарған және тазармаған күнбағыс майын өндірген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% көп.

«Күнбағыс майының экспорты 49,6% артты. Осы аралықта Қазақстан 353,8 мың тонна күнбағыс майын шетелдік нарыққа сатқан. Бұл өнім көбіне Өзбекстан, Қытай, Ауғанстан, Тәжікстан және Иран елдеріне сатылған», - деп хабарлайды статистика бюросы.

Ішкі нарықта 29,7 мың тонна күнбағыс майы сатылған.