Қазақстандағы мемқызметкерлердің жалақысы үш жыл сайын көбейіп отыратын болды
Бұл туралы бүгін ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин мәлім етті
Үкімет қазақстандықтардың табысын арттыруға қатысты 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын үш жыл сайын индекстеуді көздеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы бүгін үкіметте ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлім етті.
«Кешенді жоспардың бірінші бағыты - жалақыны арттыру. Біз келесі шараларды ұсынып отырмыз: ең төменгі жалақыны арттыру; мемлекет алдындағы қарсы міндеттемелерді орындау арқылы жалдамалы қызметкерлердің табысын ұлғайту; азаматтық қызметшілердің еңбекақысын көтеру; табиғи монополия субъектілері өндірістік персоналының орташа жалақысын арттыру; сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын әр үш жыл сайын индекстеу», - деді Әмрин.
Ол сондай-ақ үкімет әлеуметтік әріптестік жүйесін күшейту және еңбекақы деңгейлері арасындағы салааралық теңсіздіктерді қысқартады деген ақпаратты мәлім етті.