АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларынан кейін мұнай бағасы қайта өсе бастады

Тегеран мұнай бағасы барреліне 200 долларға дейін қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді

АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларынан кейін мұнай бағасы қайта өсе бастады
Фото freepik.com

АҚШ әскерінің Иранға жасаған соққыларынан кейін бүгін мұнай бағасы қайта өсе бастады. Инвесторлар соғысты тоқтату туралы келісімнің тез арада жасалып, әлемдік мұнай жеткізілімі үшін маңызды бағыттардың бірі саналатын Ормуз бұғазының ашылуына деген үмітін азайтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Bild басылымының мәліметінше, шілдеде жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 2%-дан астам қымбаттап, 98,44 долларға жеткен. Ал америкалық мұнай шамамен барреліне 92 доллардан саудаланып жатыр.

Бұған дейін Brent керісінше күрт арзандаған еді. Кей сәтте мұнай бағасы барреліне шамамен 8 долларға төмендеп, 96 доллардан да түскен. Нарық бұған Дональд Трамптың Тегеранмен жасалуы мүмкін келісімнің негізгі шарттары «негізінен келісілгенін» айтқан мәлімдемесінен кейін реакция білдірген.

Тегеран мұнай бағасы 200 долларға дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

DW басылымының мәліметінше, Иран әскери қолбасшылығының өкілі Эбрагим Зольфагари X әлеуметтік желісінде АҚШ Таяу Шығыстағы «әскери авантюраларын» жалғастыра берсе, Вашингтон мен Тегеран арасында бейбіт келісім болмайды.

«АҚШ үкіметі күш тілін ғана түсінетінін қайта-қайта көрсетіп келеді. Сондықтан барреліне 200 долларлық мұнайды қарсы алыңыздар», – деп мәлімдеді ол.