Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін

Ресеймен АЭС құрылысына қатысты екі үкіметаралық келісімге қол қояды деп күтілуде

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ҚР Атом энергиясы агенттігі «Балқаш» атом электр станциясының белсенді құрылысы 2027 жылы басталатынын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында тараптар алғашқы АЭС құрылысына қатысты екі үкіметаралық келісімге қол қоюы мүмкін.

«Бұл – АЭС құрылысының өзіне және жобаның қаржылық бөлігіне қатысты құжаттар», – деді агенттіктің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов.

Еске салайық, 8 тамыз күні Алматы облысындағы Үлкен ауылы маңында алғашқы АЭС құрылысы бойынша жұмыстар ресми түрде басталған болатын.

Бір атом электр станциясын салу кезеңінде 10 мыңға дейін адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 3 мыңнан астамы – техникалық мамандар. Ал станция пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 2 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады