Ұлттық банк ескі 10 000 теңгенің айналымдағы мерзімін тағы бір жылға ұзартты
Банкноталар 2027 жылдың маусымына дейін қолданыста болады
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін бір жылға, яғни, 2027 жылдың маусымына дейін ұзартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Банктің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, бұл шешім Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысын ескере отырып қабылданған.
Осылайша, Ұлттық банк ескі үлгідегі банкноталарды жаңа банкноталарға кезең-кезеңмен ауыстырмақ.
«Ұлттық банк «Сақ стилі» сериясымен шыққан жаңа банкноталарды кезең-кезеңімен шығара береді, оның аясында ескі үлгідегі банкноталарды жаңасына рет-ретімен ауыстырмақ», - деп хабарлайды Ұлттық банк.
Ал, 2027 жылдың маусымынан кейін қолында осы 10 мың теңгелік қағаз ақшасы бар азаматтар оларды барлық банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінен тағы 3 жыл бойы жаңа ақшаға ауыстырып ала алады. Ал Ұлттық банктің филиалдары ескі ақшаны мерзімсіз уақытта айырбастап беруге міндетті.