Алатау қаласын әкім емес, Бас атқарушы директор басқарады - қаланың тағы қандай жаңалықтары бар
Бүгін Қанат Бозымбаев қаланың болашақ келбетін сипаттап берді
Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының мәртебесі» туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда таныстырған вице-премьер Қанат Бозымбаев қаланы кім басқаратын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, Алатау қаласында тек салықтық жеңілдіктер ғана емес, сонымен бірге бизнесті реттеу, инвесторларды тарту және инвестициялық дауларды шешу жүйесін қамтитын толық экожүйе қалыптастыру жоспарланып отыр. Осы экожүйені толықтай әкім емес, Бас атқарушы директор басқарады. Яғни, қала тұтастай бір жаңа мемлекеттік орган ретінде құрылады.
«Алатауды басқару жүйесі. Alatau City Authority стратегиялық дамуға негізделген жаңа мемлекеттік орган ретінде құрылады. Оның негізгі бағытын Премьер‑Министр басқаратын Кеңес айқындайды.
Ал әкімшілік жұмысты Бас атқарушы директор жүзеге асырады», - деп хабарлады Бозымбаев.
Оның айтуынша, бұл Кеңес қаладағы негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды және әкімшілік актілерді бекітеді.
Ал мәслихат пен әкімдік қаланың әлеуметтік, коммуналдық және қоғамдық мәселелеріне жауап береді.