$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2019, 12:41
Экономика

Соңғы 4 жылда Қазақстандағы көмір бағасы 100%-ға қымбаттаған

Соңғы 4 жылда Қазақстандағы көмір бағасы 100%-ға қымбаттаған
Эксперт

2015 жылдан бері Қазақстанда көмір бағасы 100 пайызға қымбаттаған деп жазады Tengrinews.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев тарифтерді қалыптастыруға әсер ететін факторлар жайында айтқан.

«Электр энергиясы және жылумен қамтуда көмір, мазут және газ аса қажет. Көмір мен мазут бәсекелестік ортаға жіберілген. Мемлекет олардың бағасын тікелей реттей алмайды. Ал, газ бағасы энергетика саласындағылардың құзырында. Біздің байқағанымыз, 2015 жылдан бері көмір 100 пайызға дейін қымбаттаған. Ал, көгілдір отын бағасы – 14 пайызға, мазуттың бағасы 25 пайызға көтеріліпті. Сонымен қатар, тарифтердің өсуіне темір жол тасымалының 41 пайызға қымбаттағаны да әсер еткен», - дейді Асан Дарбаев.

Оның айтуынша, көмір мен мазут бағасы жыл сайын – 7 пайызға, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының құны – 7 пайызға, жұмысшылардың жалақысы тағы 7 пайызға өсіп отырады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Көмір #тариф