$ 499.83  581.5  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан экономиканы дамыту үшін Дүниежүзілік банк тобының ұйымдарымен әріптестікті нығайтады

Қаржы ұйымдары елдегі стратегиялық реформаларды жүзеге асыруға көмектеседі

Қазақстан экономиканы дамыту үшін Дүниежүзілік банк тобының ұйымдарымен әріптестікті нығайтады
Фото: istockphoto.com

Мәжіліс бір тараптан Қазақстан Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық Қайта құру және Даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптeстік туралы негіздемелік келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл құжат Қазақстанға Дүниежүзілік банк тобына кіретін ұйымдармен тығыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Халықаралық қайта құру және Даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы және Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі елдегі экономикалық жобаларды қолдауға қатысады.

Келісімнің басты мақсаты – экономиканы тұрақты дамыту. Бұл үшін қаржы жүйесін нығайту, инфрақұрылымды жаңарту, ауыл шаруашылығын дамыту және шағын әрі орта бизнесті қолдау көзделген. Сонымен қатар денсаулық сақтау мен білім беру салаларына инвестиция тарту жоспарланып отыр.

Құжат Қазақстанның халықаралық деңгейдегі сенімді серіктес ретіндегі беделін арттырады. Сондай-ақ шетелдік инвесторлардың сенімін күшейтіп, елге қосымша қаржы мен заманауи технология тартуға жол ашады.

Жалпы алғанда, бұл қадам Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.