$ 518.39  603.09  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жүргізуші қажет емес: Қазақстан жүктерді жылдам тасымалдаудың жолын тапты

Жаңа магистральдар автономды қозғалыс жүйелерімен бірге жобаланып жатыр

Жүргізуші қажет емес: Қазақстан жүктерді жылдам тасымалдаудың жолын тапты
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда жүргізушісіз жүк тасымалын енгізуге дайындық басталды. Алғашқы пилоттық жобаны 2027 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Болжам бойынша 2036-2040 жылдарға қарай жүк көліктері толығымен электр технологияларына көшеді. Яғни олар іштен жанатын қозғалтқышы жоқ, батареямен жүретін пойыздарға ұқсас болады», – деді Сауранбаев үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, жүргізушісіз жүк көліктері жүкті жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартады, себебі оларда жүргізушінің жұмыс және демалыс режиміне қойылатын талаптар болмайды. 

«Қарапайым жүк көлігі жүргізушінің жұмыс уақытымен шектелген, белгіленген нормадан артық жүре алмайды. Ал жүргізушісіз жүк көлігі тәулік бойы тоқтаусыз жүреді, бұл жеткізу жылдамдығын үш есеге жуық арттырады», – деді ол.

Алғаш енгізілетін аймақтардың бірі ЕАЭО аясындағы өткізу бекеттері болмақ.

«Жаңа жолдар автономды жүйелерге арналған инфрақұрылымды ескере отырып жобаланып жатыр. Жол төсеміне арнайы датчиктер мен навигациялық элементтер орнатылады. Жүргізушісіз көлік біздің магистральдарда қауіпсіз қозғалуы тиіс», – деп атап өтті министр.

Сауранбаевтың айтуынша, автономды жүк тасымалы Қазақстанның экологиялық көрсеткіштерін жақсартып, елдің халықаралық логистика нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Серіктес жаңалықтары