$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«QAITADAN»: мемлекет қолдаған кино үш аптада 1 млрд теңге касса жинаған (ВИДЕО)

Бұл - режиссер Думан Еркімбектің дебюті

«QAITADAN»: мемлекет қолдаған кино үш аптада 1 млрд теңге касса жинаған (ВИДЕО)
Фото: Azattyq ruhy

Қазақстандағы режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды «QAITADAN»  фильмі үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокатта көш бастады. Фильм – кино өндірісіне жұмсалған мемлекет қаражатынан бес есе артық табыс тапқан алғашқы жоба, деп хабарлайды Azattyq Rýhy мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасай отырып.

«Көрермен көзайымына айналған «QAITADAN» киносының оқиға желісі, визуалы ерекше әсер қалдырады. Бұл фильм – көркем шығарма ғана емес, шынайы сезімге негізделген, терең драмалық мазмұндағы туынды. Кино астарында қауіпсіздік, жауапкершілік пен бірлік идеясы бар, әрі жастарды достыққа, бауырмалдыққа жетелейді. Әр диалог – бүгінгі қоғамға ой салады. Фильмде отбасы институты дәріптеліп, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттары көрініс табады», - деп жазады министрлік.

Дереккөзге сүйенсек, кино 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанған. Киноны мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. 

 

Серіктес жаңалықтары