$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абайдың 180 жылдығы: Астанада ақынның қара сөздеріне негізделген қойылымның премьерасы өтті

Қойылымды Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актерлері ойнады

Абайдың 180 жылдығы: Астанада ақынның қара сөздеріне негізделген қойылымның премьерасы өтті
Фото: Астана әкімдігі

Астанадағы Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «45» атты пластикалық қойылымның премьерасы өтті, деп хабарлады Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайты.

Абайдың қара сөздерін арқау еткен қойылымда нақты кейіпкер жоқ. Пластика мен әнге өрілген қойылымда актерлар ақынның халыққа айтқан өсиетін насихаттайды. Қойылымның режиссері – мәскеулік Илья Подчезерцев. Оның айтуынша, классикалық мәтіндер пластикалық өнер тілінде жаңаша бейнеленіп, поэзия мен қозғалыстың үйлесімді бірлігін көрсетеді.

«Қойылымға дайындық Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітаптарын оқудан басталды. Кейін ақынның қара сөздерін оқып шықтым. Өздеріңізге мәлім, Абайдың қара сөзі бүгінде өзектілігін жойған емес. Қойылым философиялық терең мағынаға ие. Оның айтар ойы бар. Мұнда адамның билікке таласқыш, жалқау болатынына, ғылым, ақылдың жарысы, сондай-ақ рухани құндылықтардан көріністер қойылады», - деді режиссер.

Серіктес жаңалықтары