$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Археологтар Сарайшықтан сенсациялық олжа тапты

Бұл – Ұлы Жібек жолы бойындағы экономикалық байланыстардың дәлелі

Археологтар Сарайшықтан сенсациялық олжа тапты
Фото: 24.kz

Атырау облысындағы Сарайшық қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде түркі әлеміндегі Селжұқ мәдениетіне тиесілі артефактілер табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.кz материалдарына сілтеме жасап.

Түркиялық археолог Мухаррем Чекеннің айтуынша, бұл жаңалық Ұлы Жібек жолы бойындағы экономикалық және мәдени байланыстардың нақты дәлелі.

«Сарайшықтағы археологиялық кешендер ортағасырлық қала мәдениетінің бай тарихын дәлелдейді. Мұнда табылған керамикалық су құбырлары Селжұқ кезеңіндегі қалалық инфрақұрылымды көрсетеді», – дейді Анкара университетінің ғалымы Мухаррем Чекен.

Қытай фарфоры мен Қырымнан келген бұйымдар табылған

Қазба жұмыстары Ащысай мен Қарағайлы аумақтарында жүргізілген. Нәтижесінде:

  •  Селжұқ дәуірінің керамикасы
  • Қытайдың селадон фарфоры
  • Қырымнан келген бұйымдар
  • Қыпшақ және Алтын Орда кезеңіне жататын артефактілер анықталды.

Бұл табылған жәдігерлер Сарайшықтың сауда мен дипломатияда маңызды орталықболғанын көрсетеді. Ресейлік археолог Вячеслав Плахов та бұл пікірді қуаттайды.

«Сарайшықта Қытай мен Қырымнан келген бұйымдар қатар табылып отыр. Олардың қай өңірден шыққанын нақты анықтауға болады. Бұл – Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттер тоғысының нақты дәлелі», – дейді Плахов.

Ғалымдар: Сарайшық – Алтын көпір

Соңғы жылдары Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологтары төрт түрлі нысанда қазба жұмыстарын жүргізген. Табылған керамика мен архитектуралық қалдықтар мынадай елдермен мәдени байланыс болғанын көрсетеді:

  • Хорезм
  • Қытай
  • Иран
  •  Анатолия
  • Византия
  •  Еділ бойы қалалары

Мұның бәрі Сарайшықты «Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір» ретінде сипаттауға негіз болады.

Халықаралық ғылыми серіктестік дамып келеді

2025 жылы Сарайшыққа Анкара университетінің зерттеушілері мен студенттері келеді деп жоспарланған. Бұл – халықаралық ғылыми ынтымақтастық пен ортағасырлық мұраларды зерттеудегі жаңа белес болмақ.

  • Сарайшық жайлы шетелдік басылымдарда ғылыми мақалалар жарық көреді
  • Түркия мен Қазақстан арасындағы археологиялық байланыс нығая түспек
  • Ұлы Жібек жолы бағытындағы тарихи қалаларға қызығушылық артып келеді.
Серіктес жаңалықтары