$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бір әнмен әлемге танылған "AyYola" тобы Маңғыстауда бейнебаян түсірді

Бейнебаян 13 маусымда ресми түрде жарыққа шығады

Бір әнмен әлемге танылған "AyYola" тобы Маңғыстауда бейнебаян түсірді
Фото: instagram.com/ayyola.music/

Этникалық музыканы жаңғырту арқылы танымал болған башқұрттың "AyYola" триосы Маңғыстау облысында Yola" әніне бейнеклип түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Клип басқа елдерде де түсірілді

Өңірлік қоғамдық коммуникациялар орталығының мәліметінше түсірілім басқа елдерде де, атап айтқанда Өзбекстанда, Саха Республикасында және Башқұртстанда жүргізілді. Топ әртүрлі пейзаждар мен этникалық мотивтерді біріктіретін видео жасады.

Өнерпаздардың айтуынша, бейнебаян 13 маусымда ресми түрде жарыққа шығады. Топ Маңғыстаудың табиғи сұлулығының башқұрт фольклорына жақындығын баса көрсетуді көздеп отыр.

"Yola" әнінің сюжеті "Орал батыр" дастанындағы Ұмайдың мифологиялық тұлғасы – аққу тәңірі, білім қорғаушысы және нұр символы төңірегінде құрылған. Топ табиғат көрінісін көне эпос атмосферасына үйлесімді біріктіре отырып, видеоқатар арқылы осы мәдени сабақтастықты атап көрсетуге ұмтылады.

Топ бір жылда танымал болды

«AyYola» тобы 2024 жылы Уфада құрылған, башқұрт халық аспаптарын қолдану арқылы этно-эстрада жанрында өнер көрсетеді.

«Homay» хит әні (2025 жылы 14 наурызда жарық көрді) халықаралық феноменге айналды, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркияның хит-парадтарына енді.  

Серіктес жаңалықтары