$ 542.03  627.29  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу өңірінде ежелгі қала табылды

Қор зерттеушілері құнды археологиялық олжа тапты

Жетісу өңірінде ежелгі қала табылды
Фото: Facebook/Ольга Гумирова

Жетісу облысында ежелгі ортағасырлық қаланың іздері табылды. Бұл жаңалықты тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеумен айналысатын «Охотники за петроглифами» қоғамдық қорының өкілі Ольга Гумирова Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Археологиялық сенсация: мұнара мен қала қабырғалары табылған

2025 жылғы 6 маусымда қор қызметкерлері карьер маңынан күйдірілген кірпіштен қаланған мұнараның қалдығы мен қабырға іргетастарын байқап қалған. Бұл құрылымдар монғол шапқыншылығы кезінде өртке оранған ортағасырлық қаланың қалдығы болуы мүмкін.

«Бұл — бекер өткен күн емес! Көптен бері ізделіп жүрген ортағасырлық қаланы тапқандаймыз. Оның жазба деректерде кездесетіні белгілі. Археологтар бұл туралы қазірдің өзінде хабардар», – деп жазды Гумирова.

Қала қандай болуы мүмкін?

Қаланың нақты атауы әзірге анықталған жоқ. Алайда зерттеушілер бұл Талхиз немесе Қойлық сияқты ірі ортағасырлық қалалармен деңгейлес болуы ықтимал екенін айтады.

«Қала моңғол шапқыншылығы кезінде өртелген. Қазір не екенін анықтап жатырмыз», – дейді зерттеуші.

Тарихи фон: Талхиз бен Қойлық

  • Талхиз – Алматы маңындағы ірі сауда-саттық орталығы, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.
  • Қойлық – Жетісудағы атақты қала, Х-ХІІІ ғасырларда гүлденген, Қараханидтер кезеңінің маңызды орталығы болған.
  • Екі қала да ЮНЕСКО қорғауындағы археологиялық ескерткіштер тізіміне енген.

Жетісу облысының топырағы талай тарихи құпияны жасырып жатқаны анық. Жаңа табылған құрылымдар осы құнды ескерткіштер қатарына қосылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары