«Бауырлас халық қолдады»: Ay Yola тобының солисі қазақтарға алғыс ретінде «Балбырауын» күйін шертіп берді (ВИДЕО)
Олар түркі музыкасын әлемге танытайық бірге танытайық дейді

Башқұртстанның Ay Yola тобы шығарған жаңа «Homay» әні Қазақстан да өте танымал туындыға айналған. Енді бұл топ қазақ халқыныа ықылас танытып, күй шертіп берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Музыканттар бұл әнді башқұрт халқының «Ұлан батыр» эпосы негізінде жасаған. Аңызға сәйкес, басты кейіпкер зұлым күштермен күресіп, халқына бақыт пен тыныштық әкелуге ұмтылады. Топ мүшелері осы терең мағынаны музыка арқылы жеткізуге тырысқанын айтады.
Бұл қадам қазақстандық тыңдармандардың ерекше қолдауына ие болды. Желі қолданушылары әнге жылы пікір білдіріп, башқұрт өнеріне деген құрметін жеткізді.
«Қазақ халқына мың алғыс. Бауырлас ретінде қолдады. Түркі музыкасымен әлемдік рейтингтерде көш бастайық», - деп жазды олар.