$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Арманымыз орындалды»: Саида Мирзиёева Абай театрындағы өзбек қойылымына баға берді

Осылайша, Алматыда тұңғыш рет өзбек қойылымы сахналанды

«Арманымыз орындалды»: Саида Мирзиёева Абай театрындағы өзбек қойылымына баға берді
Фото: Саида Мирзиёева

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Лазги — Жан мен Махаббат биі» балетінің премьерасы өтті. Бұл жайлы Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева өзінің әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл мәдени шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды нығайтуға үлкен үлес қосқан.

«Бұған дейін Қазақстанға сапарымыз барысында осы балетті бауырлас елде көрсетуге ниет білдірген едік. Енді міне, ол арманымыз орындалды. Мұндай мәдени шаралар өнеріміздің сұлулығын ғана емес, халықтар арасындағы достықты да тереңдете түседі», – деді ол.

Бұл бастама Орталық Азия елдері арасындағы мәдени, экономикалық және саяси ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Президенттің қызы аймақтың бірлігі мен келісімі оның дамуында шешуші рөл атқаратынына сенім білдірді.

 

Серіктес жаңалықтары