$ 497.88  518.59  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Біздің – екінші үйіміз»: Сәкен Майғазиев студяны жамандаған Мақпал Жүнісоваға жауап берді (ВИДЕО)

Ол әпкелері не десе де, жарасатынын жеткізді

«Біздің – екінші үйіміз»: Сәкен Майғазиев студяны жамандаған Мақпал Жүнісоваға жауап берді (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Әнші, «МузАрт» тобының солисі Сәкен Майғазиев өнердегі әріптесі Мақпал Жүнісованың сынына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Елдегі ірі қалалардың студиясына бас сұғып жүрміз. Біздің студия – алдыңғы шептегі студияның бірі. Өте жақсы, жайлы. Барлық мүмкіндік бар. Біздің студиямыздың кіреберісінде автомат ойнайтын ойынхана бар. Ол бізге тиесілі емес. Сол жерлерде әпкемізге ыңғайсыздық туындаған шығар.

Оған бәрі жарасады, жақсы көреміз, құрметтейміз. Барлық жағдай бар. Біздің екінші үйіміз деп айтуға болады. Мақпал әпке – ақкөңіл адам. Мақпал әпке бізге жамандық ойламайды. Біздің де ниетіміз сондай. Бізге қол көтерсе де, Мақпал әпкемізді қолымызға салып, аялап жүреміз», - дейді Сәкен Майғазиев.

Осыған дейін әнші Мақпал Жүнісова «МузАрт» тобының студиясын жамандап, қабырғалары тесік екенін айтқан еді.

 

Серіктес жаңалықтары