$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Уақыт тығыз болды»: Қазақстанға келген Айнұр Тұрсынбаева қонаққа шақырған үйлерді аралап үлгермей қалған (ВИДЕО)

Ол өзін қонақ еткен Жандарбек Бұлғақовты мақтады

«Уақыт тығыз болды»: Қазақстанға келген Айнұр Тұрсынбаева қонаққа шақырған үйлерді аралап үлгермей қалған (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева Қазақстанға келіп, үш-төрт күн Отанында жүрген. Осы күндері оны әріптестері қонаққа шақырғанымен, көп үйдің дәмі бұйырмапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Сырымның қонаққа шақырғаны жаман хит болды ғой.  Жандарбек Бұлғақов соны көре салып «ойбай, мен де шақырамын» деді ғой. Оның үстіне Қайша Керей екеуміз қосылып Мәлике Байоразованың туған күніне қымбат кроссовки алғанбыз.Соны да бермей кете ме деп қорықты-ау», - деді Айнұр Тұрсынбаева.

Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша, Жандарбек Бұлғақов оны күту үшін арнайы аспаз шақырып, тамақ істеткен.

«Қуырдақ, былқылдаған балық. Жақсы күтті, сөз жоқ. Бірақ баласына әділетсіздік жасап, үйден айтыс жасап жеңіп кетіп жүргені өте ұят тірлік десең. Қонаққа шақырмаған адам жоқ негізі, уақытым тығыз болды. Күніне 3-4 сағат қана ұйықтап жүрдім. Енді Қазақстан бойынша команда жасақтау керек, кеңселер ашуымыз керек. Мұндай ажиотаж болады деп күтпей қалдық, есіміз шыққаны рас. Барлық жанашырларыма Алла разы болсын. Үйлеріңізге таусылмас байлық келсін жақсы адамдар», - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

 

Серіктес жаңалықтары