$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2020, 11:41
Мәдениет

«Аштық жайлаған дала»: Досым Сәтпаев қоры Қазақстандағы ашаршылық жылдары туралы кітап шығарады

Кітап «Меломанда» сатылымға шықты

«Аштық жайлаған дала»: Досым Сәтпаев қоры Қазақстандағы ашаршылық жылдары туралы кітап шығарады

Досым Сәтпаевтың мәдени-ағартушылық қоры, «Cөз» әдеби жобасы аясында америкалық белгілі тарихшы Сара Кэмеронның ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Қазақстандағы аштық туралы кітабын жарыққа шығарды. Ол Қазақстандаңы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнімен орайластырылып отыр, деп жазады Forbes. Шығарманың атауы: «Аштық жайлаған дала. Ашаршылық, озбырлық және Кеңестік Қазақстанды орнату» (The Hungry Steppe. Famine  violence, and the making of Soviet Kazakhstan)

Кітап алғаш ағылшын тілінде 2019 жылдың қаңтарында АҚШ-та жарық көрді. Содан, автормен кітапты Қазақстанда қазақ тілінде шығару туралы келіссөздер жүргізілді. Бұл ел тарихындағы нәубет жылдар туралы жазылған алғашқы шетелдік терең зерттеулердің бірі. Оның үстіне, бұл зерттеудің маңыздылығы, Сара Кэмерон бұл тақырыпқа ғалым ретінде объективті қарайтындығында, сондықтан фактілерге сүйене отырып, ол қазақ ашаршылығы ХХ ғасырдың ұлы трагедияларының бірі ретінде танылу керектігіне көз жеткізді.

«Айтпақшы, 2018 жылдың қазанында АҚШ Сенаты 1932-1933 жылдардағы Украинадағы ашаршылықтың 85 жылдығына арналған қарар қабылдады. Бірақ бұл қарарда 30-жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық туралы ештеңе айтылмаған. Олар қазақ трагедиясы туралы аз біледі немесе оның себептері мен салдарын дұрыс бағаламайды. Сара Кэмерон - Қазақстандағы аштықты Америкалық Конгресс залдарында да ұмытпау керектігін ашық айтқан жалғыз батыстық тарихшы, өйткені бұл аштықтың салдары Украинадағы зұлматтан кем емес және одан да қорқынышты болғанына назар аударғысы келеді», - деп хабарлайды қор.

Серіктес жаңалықтары