$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Астана әкімдігі мен мәслихат депутаттары шешкен»: қамаудағы Мажағұлов Есілдегі фонтан туралы өз шындығын айтты

Қазір оның соты өтіп жатыр 

«Астана әкімдігі мен мәслихат депутаттары шешкен»: қамаудағы Мажағұлов Есілдегі фонтан туралы өз шындығын айтты
Фото: primeminister.kz

Бұл күндері Астананың мәдениет басқармасын басқарған Болат Мажағұловтың соты өтіп жатыр. Ол осы орайда әлеуметтік желіні пайдаланып, іске қатысты өз шындығын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында сот талқылауында анықталған дүниелерге еш қатысы болмаса да, мен туралы және соттың маған тағылған айыптарды қарауының мән-жайлары туралы ақпарат тарады. Бұндай ақпарат жазған басылымдар сотқа өз өкілдерін жібермеген ақпарат құралдары», - деді ол.

Сөзін осылай бастаған Болат Мажағұлов оның ұсталуына бірден бір себеп болған Есіл өзеніндегі «Күн» атты субұрқақтың қалай салынғанын және неге істемей қалғанын баяндады. Яғни, оның айтуынша, субұрқақты орнатайық деген шешім оның бастамасы емес әрі бұндай шешімді ол қабылдамаған. 

«Прокурордың таққан айыбы бойынша қылмыстық іс материалдарынан алынған дәлелдемелерді зерттеу нәтижесінде 2016 жылы Есіл өзенінде «Күн» субұрқағын тұрғызу және оны қалалық бюджет қаражатына жүзеге асыру туралы шешімді әкімдік басшылығы, қоғамдық кеңес мүшелері және Астана қаласы мәслихатының депутаттары қабылдағаны анықталды. Бұл субұрқақты орнату менің бастамам болды деген айыптауды жоққа шығарады. Ал, 2020 жылы белгісіз адамдар фонтанттың кабельдерін ұрлап кеткеннен кейін ол істен шыққан. Бұл ұрлық фактісіне қатысты қалалық полиция департаменті тергеу жүргізген», - дейді ол.

Еске салсақ, Астана қаласы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов былтыр қыркүйекте ұсталған еді. Оған 2016 жылы Астана күні мерекесіне орай салынған «Күн» («Есіл өзеніндегі жарық-иллюминациялық және от шоуы») субұрқағының құрылысы кезінде тендер ойнатылмай, тікелей келісімшарт жасалған деген айып тағылды. Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған.Соның салдарынан, нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазір апатты жағдайда тұр.Ұрланған қаражаттың көлемі 1 млрд теңгеден асқан еді.

Серіктес жаңалықтары