$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарапайым жұмысшыларға арналған ипотека: Отбасы банк Бектеновтің ұсынысына жауап берді

Банктің мәліметіне сүйенсек, елімізде жұмысшыларды қолдауға бағытталған бірнеше бағыт бар

Қарапайым жұмысшыларға арналған ипотека: Отбасы банк Бектеновтің ұсынысына жауап берді
Фото: freepik.com

Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырған болатын. Өз кезегінде Отбасы банк Қазақстандағы қарапайым жұмысшыларға арналған льготты ипотекалық бағдарламалар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отбасы банкінде жұмысшыларды әлеуметтік қолдаудың тиімді құралы бар. Бұл – «Корпоративті өнім». Бұл бағдарлама аясында жұмыс беруші мен Отбасы банкінің арқасында 1000-ға жуық адам баспаналы болған. Олардың қатарында - зауыт жұмысшылары, энергетиктер, кеншілер, металлургтер, мұнайшылар мен дәрігерлер бар», - деп хабарлайды банк.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, бұл корпоративтік өнім – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Ақсу, Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Екібастұз, Хромтау, Лисаков, Рудный, Петропавл қалаларындағы түрлі компаниялардың қызметкерлеріне тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті. Отбасы банк пен компаниялар осы мақсаттағы ипотекаларға 5,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлген екен.

«Еңбек адамдарының тұрғын үй мәселесін шешуде қолдау көрсету – біз үшін өте маңызды. Өйткені, кәсіпорын қызметкерлері көп жағдайда қажетті бастапқы жарналары болмаған соң, жалақыларының аздығынан мемлекеттік бағдарламалар мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатыса алмайды. Дәл осы жерде жұмыс берушілері шешуші рөл атқара алады. «Корпоративтік өнімді» пайдалана отырып, олар өз қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шеше алады. Бюджеттен әлеуметтік жүктемені азайту, өңірлерде жұмыс істейтін жастарды ұстап қалу үшін біз ірі кәсіпорындарға жыл сайын «Корпоративтік өнім» шеңберінде Отбасы банкімен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз, - деп түсіндірді Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Айта кетейік, Отбасы банкіндегі «Корпоративтік өнім» 2019 жылы пайда болды. Оның үш тармағы бар.

Серіктес жаңалықтары