$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Туған күніме жақсы сыйлық болды»: түрмеден шыққан актер халыққа алғыс айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 12 желтоқсан актердің туған күні

«Туған күніме жақсы сыйлық болды»: түрмеден шыққан актер халыққа алғыс айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Абақтыдан шыққан актер Асқар Жұмабек туған күнінде халыққа алғысын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осы видеоны алғыс айту ретінде түсіріп отырмын. Осы күнге дейін менімен бірге болып, қолдап келдіңіздер. Маған тілеген лебіздеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын. Босап шығуым ең бірінші Алланың арқасында, одан кейін әке-шешемнің және сіздердің дұғаларыңыздың арқасында деп білемін. Бүгін менің туған күнім. Осының өзі жақсы сыйлық болды. Мені қолдайтын халық бар екеніне мен өте қуатты қуаныштымын. Мен сіздермен мақтанамын», - дейді Асқар Жұмабек.

Еске салсақ, танымал актер былтыр қазан айында ұсталып, Алматы қаласындағы №2 Бостандық ауданы сотының шешімімен сотталған болатын. 2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматы қаласындағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Оның ішінде белгілі актер Асқар Жұмабек те болған.


 

Серіктес жаңалықтары