Душанбеде Қазақстан киносының күндері өтеді

Молдатай Сымбат

20-22 тамыз – Тәжікстандағы Қазақстанның мәдениет күндері

Душанбеде Қазақстан киносының күндері өтеді
Фото: istockphoto.com

2024 жылғы 20-22 тамыз аралығында Тәжікстанда Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған орай, 20 тамызда Душанбе қаласындағы «Ватан» кинотеатрында қазақстандық кино күндерінің ашылуы өтеді.

22 тамыз күні сағат 19:00-де «Кохи Борбад» мемлекеттік кешенінде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді, оған Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ халықаралық конкурс лауреаттары қатысады.

Сонымен қатар гала-концерт басталмас бұрын «Кохи Борбад» мемлекеттік кешені фойесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорынан «Қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнері» атты көрмесі ұсынылады. Көрменің негізін XVIII-XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрайды.

Еске салайық, Астанада Тәжікстаннан жеткізілген өнімдер жәрмеңкесі өтті

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.