$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.07.2024, 09:50
Мәдениет

Астанада домбыра күніне орай шоу-концерт өтеді

Іс-шара ЭКСПО аумағында 7 шілдеде сағат 18:00-де өтеді

Астанада домбыра күніне орай шоу-концерт өтеді
Фото: sputnik.kz

7 шілдеде ЭКСПО аумағында Ұлттық домбыра күніне арналған «Заманауи домбыра» мерекелік шоу-концерті өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Концерттік бағдарламаның тұжырымдамасы – заманауи балетпен ұштастыра отырып, қазақ этникалық домбыра аспабының әлеуетін зерттеуге бағытталған музыкалық перфоманс.

Музыканттардың, суретшілердің, балет әртістерінің және графикалық мамандардың ынтымақтастығы арқылы домбыра басты рөл атқаратын инновациялық дыбыстық және көрнекі шығарма жасалады.

Мерекелік концертті Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жүргізеді.

Кеш қонақтары: Kalifarniya, Ақтоты Болшова, «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «Серпер» виртуоздар домбырашылар ансамблі, «SAZ» этно тобы, «Steppe Sons», «Assyl», «T&Y», «Арт-домбыра», «Aldaspan», Dj Годунов.

Іс-шара ЭКСПО аумағында 7 шілдеде сағат 18:00-де өтеді.

Серіктес жаңалықтары