$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

Билеттердің сатылуына қатысты ақпарат осы күндері белгілі болады

Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Астанада қыркүйек айында әнші Димаш Құдайбергеннің «Stranger» аттты жеке концерті өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүние жүзінің 100-ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп күтіліп отыр. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен , «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді», - деп жазды әнші өзінің ınstagram парақшасында.

Әнші атағандай, билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі.

«Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер», - деп жазды ол.
 

 

Серіктес жаңалықтары