24.05.2023, 15:46
Мәдениет
Нью-Йорктегі Times Square-де Димаш Құдайбергеннің видеосы пайда болды
Тыңдармандары әншінің туған күніне орай ерекше сыйлық жасады
Видеодан кадр
Бүгін әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 29 жасқа толды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әншінің туған күні құрметіне орай қытайлық табынушылары оған ерекше сыйлық жасады – Димаштың фотосуретінен құрастырылған бейнежазда Нью-Йорктегі әйгілі Times Square-де пайда болды.
«Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем, әлем! Сәлем, 29 жас! Бәріңізге осыншама үлкен құрмет үшін көп рахмет!» - деп жазды әнші өзінің желідегі парақшасында.
Әнші әндерін сүйіп тыңдайтын тыңдармандар мен табынушылары оны туған күнімен құттықтап, шын жүректен ықылас-тілектерін арнап жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді