«Мұзбалақ» анимациялық фильмі Германиядан жүлдемен оралды
«Мұзбалақ» анимациялық фильмі «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен марапатталды
«Мұзбалақ» анимациялық фильмі қазанның 7-і мен 13-і аралығында Германияның Хемниц қаласында өткен 24-Халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған Schlingel кинофестивалінде Германияның анимациялық фильмдер институты (DIAF) тағайындаған «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мұзбалақ» анимациялық фильмі бүркіт пен адамның достығы туралы баяндайды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. Режиссерлері - Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы.
Schlingel халықаралық фестивалін Германияның балалар мен жасөспірімдер жөніндегі Саксон қызметі ұйымдастырған. Биыл бұл байқауда 52 елден келген 233 балалар мен жасөспірімдерге арналған фильм көрсетілді.
Көз майын тауысып жасаған туындымыз Еуропадағы ірі фестивальде үздік деп танылып жатқанына қуаныштымыз. Бұл фильм ұлттық бояуы қанық, қазақтың болмысын көрсететін туынды, сондықтан да шетелдіктерге қызықты болды деп ойлаймын, - деді фильмнің режиссері Тұрдыбек Майдан.