Қазақстанға шетелден 7 мың тарихи құжат қайтарылды
Құнды құжаттарда еліміздің тарихы туралы тың ақпараттар бар
Елімізге 918-1990 жылдар аралығын қамтитын тарихи 7 мың құжат қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құжаттарды қазір отандық тарихшылар мен ғалымдар зерттеп жатыр. Тың деректер Венгрия, Германия, Италия секілді және т.б. Еуропалық Одақ елдерінен әкелінген.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, былтыр отандық ғалымдарымыз 14 мемлекетке іздестіру-зерттеу жұмыстарымен барған. Олар жинаған құжаттар қатарында 445 фотосурет, 206 кітап және сирек қолжазбалар бар. Хронологиялық тұрғыдан 918-1990 жылдар аралығын қамтиды.
Қайтарылған құжаттар ҚР Ұлттық архивіне тапсырылды. Қазір бірыңғай деректер базасын құру бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Бағалы тарихи құжаттарды тарату үшін фотоальбомдар, жинақтар, хронографтар, өмірбаяндық анықтамалықтар және басқа да пайдалы материалдар баспадан шығарыла бастады.
«Археологтар мен тарихшыларымыздың жұмысы мұнымен бітпейді. 2025 жылға дейін қазақстандық ғалымдар шетелге тағы бірнеше экспедиция жоспарлап отыр», - деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.