08.02.2023, 17:32
Мәдениет
Данэлия Тулешова АҚШ-та өнер көрсетті
Жас әнші «America's Got Talent» байқауына 2020 жылы да қатысқан болатын
Данэлия Тулешова АҚШ-та өнер көрсетті. «America's Got Talent» байқауының ресми парақшасында әншінің өнер додасының жаңа маусымына қатысқан сәтінен бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Тулешова «America's Got Talent» танымал американдық таланттар шоуына қатысқан болатын. Қазылар алқасын тәнті етіп, сайыстың ақтық кезеңіне жолдама алған еді.
Жас орындаушы NBC арнасының тікелей эфирінде өткен шоудың 15-ші маусымының финалына жетті. Тулешова австралиялық әнші Сиа-ның Alive әнінің кавер нұсқасын орындады. Жас орындаушының өнері қазылар алқасын тәнті етті.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды