«Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясына» жаңа басшы сайланды
Бұл қызметке «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы сайланды
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде «Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс есептік сайлау отырысы өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Федерацияның бас директоры Валихан Тен ұйымның өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Күн тәртібінің басты мәселесі - «Қазақстандық біріккен аралас жекпе-жек федерациясы» президентін сайлау болды.
Аталған қызметке «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев сайларды. Жаңа президентті сайламас бұрын жиналғандар аралас жекпе-жектің еліміздегі әлеуеті туралы айтып өтті.
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елімізде аралас жекпе-жектің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Олимпиадалық емес спорт түрлері дамып жатқан кезде спорттық федерациялардың жұмысын біріздендіру маңызды. Бүгінгі таңда елімізде бұқаралық спорт түрлері жақсы дамып келеді. Бұл бағытта аралас жекпе-жек федерацияларының басын біріктіріп оны басқарып отырған Ғалымжан Шахмарданұлының жұмысын атап өту керек,», - деді Ақтоты Райымқұлова.