ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды

Қызылордада Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған конкурс өтеді

Биыл конкурс «баттл» форматында ұйымдастырылмақ

Фото: ашық дереккөзден

16-18 мамыр аралығында Қызылорда әкімдігі мен «Tandau» продюсерлік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған «Отан ана» ІІІ республикалық конкурсы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Биылғы байқаудың басты ерекшелігі – финалистер вокал «баттлы» арқылы іріктеледі. Бұдан бөлек, композициялар музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады.

Республикалық конкурсқа 18-30 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады. Конкурс үш бөлімнен тұрады.

«Бірінші бөлімде конкурс қатысушысы Батырхан Шүкеновтің орындауындағы әнді айтып, видео жіберуі керек. Екінші сатыда музыкалық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен вокалды «баттл» сипатында танымал композитордың репертуарынан ән орындайды. Үшінші бөлімге алғашқы кезең бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар іріктеліп алынады», - деп жазылған конкурс туралы хабарламада.

Байқауда кәсіби музыканттар, композиторлар, мәдениет және өнер қайраткерлері қазылық етеді. Ал 18 мамыр күні Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған гала концерт өтеді.

Еске сала кетейік, танымал әнші Батырхан Шүкенов 2015 жылдың 29 сәуірінде жүрек талмасынан қайтыс болды.