Игорь Крутой: Қанша тырыссам да, Димаш сияқты бола алмаймын
Димаш Құдайберген Мәскеуде баспасөз конференциясын өткізді
Димаш Құдайберген Мәскеуде өткен баспасөз конференциясында өзінің жоспарлары мен жаңа әндері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әншінің ресми жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.
«Мен әр концертімде көрермен алдында емтихан тапсырғандай боламын. Онда жанкүйерлерімді алдауға немесе шпор қолдануға болмайды», - деп әзілдеді Димаш Құдайберген Мәскеу қаласында өткен баспасөз мәслихатында.
Димаш баспасөз конференциясында Мәскеуде өтетін концерттің мән-жайы туралы айтып берді.
«Бағдарламаны «Арнау» деп атадық. Біз басқа елдерде, соның ішінде АҚШ-та бірнеше концерт қойдық, қазір Мәскеуде әсерлі кеш өткізуге дайындық үстіндеміз», - деді ол.
Димаш Қытайдағы жанкүйерлерінің жағдайына да ерекше назар аударды, дәрігерлер өлімге әкелетін коронавирусты емдеудің жолын тезірек табады деген сенімін білдірді.
Ал Ресейлік композитор Игорь Крутой «Димаш құбылысы» деген ұғымның мән-маңызына тоқталды.
«Димаштың ерекше дауысы, қайталанбас ырғағы бар. Оның музыканы өзі арқылы өткізуі өте маңызды. Өйткені, ол керемет дарынға ие. Ал мен оның сауатты жанкүйерімін! Себебі, қанша тырыссам да, оған ұқсай алмайтыныма анық көзім жетеді. Оның таланты биік», - деді И.Крутой.