Ақтөбеде өткен «Baqytty Вala-2022» байқауының жеңімпазы Қазақстан атынан «Балалар Евровидениесі-2022» байқауына қатысады

Azattyq Rýhy

Байқауға қатысу үшін Ақтөбеге әлемнің 8 елінен қатысушылар келген

Ақтөбеде өткен «Baqytty Вala-2022» байқауының жеңімпазы Қазақстан атынан «Балалар Евровидениесі-2022» байқауына қатысады
Ақтөбе газеті

Ақтөбеде әлемнің 8 елінен келген балалардың қатысуымен өткен «Baqytty Вala-2022» байқауының жеңімпазы 11 жасар Давид Чарлин енді «Балалар Евровидениесі-2022» әлемдік додасына қатысады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Балалар арасындағы бұл вокалдық фестиваль «Балалар жылы» аясында өткізілді. Оған әлемнің 8 елінен – Болгария, Испания, Румыния, Армения, Польша, Өзбекстан, Ресей, Түркия мемлекеттері мен еліміздің Алматы, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Көкшетау, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе қалаларынан жас өнерпаздар қатысты. Байқауға жалпы 1500-нан аса үміткер өтініш білдірген. Жылма жыл байқаудың географиялық аясы да кеңейіп келеді, биыл үміткерлердің арасында Африка құрлығының Маврикий аралынан да өтініш түскен болатын», - дейді Ақтөбе облыстық Мәдениет басқармасының өкілдері.

Баса айта кетерлігі, Ақтөбеде өткен бұл байқауда өнер көрсеткен алматылық Давид Чарлин биыл Арменияда өткен «Балалар Евровидениесі-2022» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.

«Келесі жылы «Baqytty Вala-2022» байқауының 5 жылдығы өтеді. Соған байланысты байқаудың ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Атап айтсақ, бұрынғы ереже бойынша финалға өткен қатысушылар екі шығарма: бірі – өз ана тілінде (немесе авторлық ән) және әлемдік хит орындайтын еді, ендігі жерде талап күшейтіледі. 1 шығарманы қазақ тілінде орындау және барлық қатысушылар 2 шығарманы да симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындау өзгерістері енгізіледі», - дейді басқарманың баспасөз қызметі.

Жалпы, Ақтөбе облысы бойынша материалдық емес мәдени мұраларды қорғау бойынша бірқатар маңызды шаралар өткізген.

«Материалдық емес мәдени мұраны қорғау бойынша ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық комитетінің 8-ші сессиясында адамзаттың МЕММ репрезентавті тізіміне енгізілген «Айтыс» өнерін сабақтастыру әрі тіл мәдениетіне, шешендікке ден қойған талапкерлердің импровизаторлық-экспромттық дағдысын қалыптастыру мақсатында Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан «Айтыс үйірмесі» ұйымдастырылды. Көне аспаптарды, жетіген, сыбызғы, шаңқобыз т.б.  қайта жаңғырту, өңір жұртшылығына жан-жақты насихаттап, таныстыру көзделіп, Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан халықтық атағы бар «Шашу» отбасылық ансамблі құрылды», -деп хабарланған Мәдениет басқармасы таратқан хабарламада.

Материалдық емес мәдени мұраларды қорғау бойынша ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық комитетінің тізіміне енген және енбеген материалдық емес мәдени мұралардың қай-қайсысын да сақтау, дамыту, насихаттау тұрғысында жобалар жасап, сол тұрғыда нәтижелі жұмыстар жүргізуде. 

«2022 жылдың 9 қыркүйегінде Ырғыз ауданында «Жармола жәрмеңкесі-2022» кешенді іс-шарасы өтті. Шараның мақсаты – қазақ елі өңірлерінің дамуы мен жетістіктерін, сондай-ақ Ұлы даланың ұлы тұлғалары мен қасиетті мекендерін насихаттау.

Іс-шараға облыстағы 12 ауданның мәдениет бөлімдері, облыстық мәдениет мекемелері ат салысты. «Жармола» жәрмеңкесі алаңына тарихи тұлғалар атауымен облысымыздың аудандарынан 20 ақорда тігілді», - деп жазылған хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.