ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды

«Оскар-2020»: «Паразиттер» ең басты жүлделерге ие болды

«Оскар» тарихында бірінші рет шетелдік туынды ең басты екі жүлдені қатар алды

фотолар: kinopoisk.ru

Бүгін Лос-Анджелес қаласында Америка киноакадемиясының 92-ші «Оскар» сыйлығымен марапаттау рәсімі аяқталды. Негізгі жүлде кореялық режиссер Пон Джун-хоның «Паразиттер» фильміне бұйырды. «Паразиттер» - «Оскардың» «үздік фильм» және «үздік шетелдік фильм» номинациясын бірдей алған тарихтағы алғашқы туынды. Ендеше, 2020 жылы «Оскар» жүлдесі қай фильмдерге, қай актерлерге, қай режиссерлерге, қандай композиторларға бұйырғанын тізіп көрелік.

Үздік фильм – «Паразиттер»

Бұл номинация бойынша жүлдеге үмітті болған басқа фильмдер:

«Однажды в Голливуде», «Ирландец», «1917», «Брачная история», «Джокер», «Кролик Джоджо», «Форд против Феррари» және «Маленькие женщины».

Үздік режиссер - Пон Джун-хо («Паразиттер»)

Бұл номинация бойынша қалған үміткерлер: Квентин Тарантино («Однажды в Голливуде»), Мартин Скорсезе («Ирландец»), Сэм Мендес («1917»), Тодд Филлипс («Джокер»).

Үздік актер –Хоакин Феникс («Джокер»).

Бұл номинация бойынша қалған үміткерлер: Адам Драйвер («Брачная история»), Леонардо ДиКаприо («Однажды в Голливуде»), Джонатан Прайс («Два папы»), Антонио Бандерас («Боль и слава»).

Үздік актриса - Рене Зеллвегер («Джуди»)

Бұл номинация бойынша қалған үміткерлер: Скарлетт Йоханссон («Брачная история»), Шарлиз Терон («Скандал»), Сирша Ронан («Маленькие женщины»), Синтия Эриво («Гарриет»).

Екінші пландағы үздік актер - Брэд Питт («Однажды в Голливуде»)

Бұл номинация бойынша қалған үміткерлер: Аль Пачино («Ирландец»), Джо Пеши («Ирландец»), Том Хэнкс («Прекрасный день по соседству»), Энтони Хопкинс («Два папы»).

Екінші пландағы үздік актриса - Лора Дерн («Брачная история»)

Бұл номинация бойынша қалған үміткерлер: Скарлетт Йоханссон («Кролик Джоджо»), Марго Робби («Скандал»), Флоренс Пью («Маленькие женщины»), Кэти Бейтс («Дело Ричарда Джуэлла»).

Үздік шетелдік фильм – «Паразиттер»

Бұл номинация бойынша қалған үміткерлер: «Тело Христово», «Страна меда», «Отверженные», «Боль и слава».

Үздік анимациялық фильм - «История игрушек-4»

Бұл номинация бойынша қалған үміткерлер: «Как приручить дракона-3», «Я потеряла свое тело», «Потерянное звено», «Клаус».

Үздік деректі фильм - «Американская фабрика»

Бұл номинация бойынша қалған үміткерлер: «Пещера», «На краю демократии», «Для Самы», «Страна меда».

Үздік сценарий (оригинал) -  «Паразиттер»

Бұл номинация бойынша қалған үміткерлер: «Однажды в Голливуде», «Брачная история», «1917», «Достать ножи».

Үздік сценарий (бейімделген) - «Кролик Джоджо»

Бұл номинация бойынша қалған үміткерлер: «Ирландец», «Джокер», «Два папы», «Маленькие женщины».