Қазақстанда бес жылда 135 фильм мен 8 сериал түсірілді

Басым бөлігі  қазақ тілінде

Қазақстанда бес жылда 135 фильм мен 8 сериал түсірілді

Мәдениет және спорт министрлігінің ақпаратына сәйкес, соңғы 5 жылда отандық 150 фильм мен 8 сериал түсірілуі тиіс болатын. Дерек бойынша, 135 фильм мен 8 сериал түсірілді, тағы 12 жұмыс тапсырылған жоқ, 3 туынды жайлы ақпарат жоқ, деп хабарлайды ranking.kz.

«2019 жылы 17 фильм түсіру жоспарланған. Барлығы 11 туынды түсірілді, алтауы әлі тапсырылмаған. Көркем фильмдердің орташа ұзақтығы - 100,5 минут, деректі фильм - 50,1 минут, анимациялық фильм - 37,7 минут. Ал, қысқа метражды туындының орташа ұзақтығы 28,8 минут», - делінген хабарламада.

Бес жылда ішінде 57 драма, 75 деректі фильм және 3 анимациялық фильмнің тұсауы кесілді. Оның ішінде қазақ тілінде 71 фильм және орыс тілінде 58 фильм. Сондай-ақ, 4 картина ағылшын тілінде және 1 фильм орыс және қазақ тілінде (аралас - ред.) түсірілді. Бір кинолента туралы ақпарат жоқ. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында кино және бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламалар, сондай-ақ фонограммалар мен музыкалық жазбалар өндірісі бойынша 41,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, былтыр бұл көрсеткіш 40 млрд теңге болған.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.