01.07.2022, 10:18
Мәдениет
Димаш Құдайберген алғаш рет Алматыда жеке концертін өткізеді
Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті
Фото: ашық дереккөзден
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет ауқымды концертін өткізбек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
«Құрметті достар! 2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында «Stranger» атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Оталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін!», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында.
Әнші билеттердің қашан сатылатынын кейінірек хабарлайтынын айтты.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)