$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2020, 01:12
Мәдениет

Елімізде 36 мыңнан астам мәдениет және өнер қызметкерінің жалақысы өсті

Спорт саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 2023 жылға дейін біртіндеп 10 пайызға көтеріледі

Елімізде 36 мыңнан астам мәдениет және өнер қызметкерінің жалақысы өсті

Қазақстанда биылдан бастап 36 мыңнан астам мәдениет және өнер қызметкерінің жалақысы өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәлімдеуінше, дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 2023 жылға дейін кезең-кезеңімен 10 пайызға көтеріледі.

Бұдан өзге спортшылардың допингке қарсы зертханасы, Ұлттық допингке қарсы орталық қызметкерлері, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының қызметкерлеріне лауазымдық жалақының 100 пайыз мөлшерінде жаңа қосымша ақылар белгіленді. Осылайша, олардың жалақысы екі есе өсті.

«Өңірлерде халықтың барлық санаттарына мәдениет және өнер объектілеріне қолжетімділігі артып келеді. Ендігі кезекте халықтың осы нысандарға баруын қамтамасыз ету керек. Мәселен, біз мектеп оқушыларының өз өңірлерінің киелі жерлерімен таныстыру кестесі қарастырылуы керек. Жергілікті билікпен бірлесіп, инклюзивті театр, оқу орындарында инклюзивті факультет ашу мәселелерін де қолға алу қажет», – деді министр Ақтоты Райымқұлова.

Сонымен қатар, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Ұстаздың оралуы» деректі фильмі түсірілетін болды. Мерейтой аясында «Әл-Фараби жолымен» халықаралық экспедициясы ұйымдастырылып, Сириядағы Дамаск қаласында орналасқан әл-Фараби кесенесінің макеттік көшірмесі Түркістан облысындағы Отырар музей-қорығының аумағына орнатылмақ.
 

Серіктес жаңалықтары