The Gala: Еуропаның жетекші театрларының жұлдыздары елімізде өнер көрсетеді

Azattyq Rýhy

Қазақстанда алғаш рет The Gala аясында бірқатар танымал хореографиялық қойылымдар қойылады

фото: www.gov.kz

«Қазақстан» орталық концерт залында 28 сәуір күні The Gala халықаралық мәдени шарасы өтеді. Оған Вена ұлттық операсының, Монте Карло операсының, ағылшын ұлттық балетінің, Үлкен театрдың және «Астана Опера» театрының жұлдыздары қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Шақырылған әртістердің қатарында Netflix сериясының жұлдызы, сол сияқты ағылшын ұлттық балетінің премьері Исаак Эрнандес, Ағылшын ұлттық балетінің прима-балеринасы Сиори Касе, Вена ұлттық операсының премьері Денис Черевичко, Монте-Карло операсының этуалиі Симоне Трибуна және Виктория Ананян, Үлкен театрдың премьер және жетекші солисі Игорь Цвирко және Кристина Кретова, «Астана Опера» театрының солисі Шұғыла Әдепхан бар.

«Астана Инвест» Басқарма төрағасының орынбасары Молжігіт Жалғастың айтуынша, The Gala – бұл қазақстандық Luxury House сауда үйі жүзеге асыратын бірегей жеке жоба, ол елорданың туристік имиджін жақсартады, қала тұрғындарының мәдени деңгейін және өмір сүру сапасын арттырады, мемлекеттік органдардан түсетін жүктемені алып тастайды.

Қазақстанда алғаш рет The Gala аясында бірқатар танымал хореографиялық қойылымдар қойылады. Атап айтқанда, Премьер және прима балерина Исаак Эрнандес пен Сиори Касе «Blake Works» балетінен адажионы ұсынады.

Сондай-ақ, қазақстандық көрермен қауымға арналған жаңа туындылардың бірі – «La Belle» бар. Бұл заманауи хореографтардың бірі Жан-Кристоф Майоның жоба үшін жасаған жеке таңдауы. Жан-Кристоф Майо бізге Чарльз Перроның «Ұйқыдағы ару» ертегісін ұсынады.

Luxury House директоры Татьяна Гордиенко айтқандай, Үлкен театрдың әртістері қазақстандық сахнада «Танго» нөмірінің әлемдік премьерасын өткізеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.