$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәдениет министрлігі «Еуразия» кинофестивалін өткізуге 441 млн теңге жұмсамақ

Халықаралық кинофестивальге 20-ға жуық елдің өкілдері қатысады

Мәдениет министрлігі «Еуразия» кинофестивалін өткізуге 441 млн теңге жұмсамақ
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Мәдениет және спорт министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Еуразия» халықаралық кинофестивалін өткізуге 441 млн теңге қарастырып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, қазір «Еуразия» XVI халықаралық кинофестиваль бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кинофестивальді өткізуге жауапты компания мемлекеттік сатып алу порталында конкурс арқылы анықталады.

«Кинофестивальдің өткізілу уақыты пысықталып жатыр. Халықаралық кинофестивальге 20-ға жуық елдің өкілдері келіп, 50-ден астам фильм қатысады деп жоспарланған. Қатысушылардың шығыны мен қаламақысы бөлінген қаражат есебінен қарастырылады», - дейді Серік Жарасбаев.

«Еуразия» халықаралық кинофестивалі 1998 жылдан бері тұрақты түрде 15 рет өткізілді. Ауқымды шараға 2019 жылы 459 млн, 2018 жылы 633 млн, 2017 жылы 941 млн теңге бөлінген.

Соңғы рет 2019 жылы өткен кинофестивальге түрік актері Бурак Озчивит, ресейлік актерлер Дмитрий Дюжев, Наталья Антонова және Антон Макарский сияқты актерлер шақырылған болатын.

Серіктес жаңалықтары