Мәдениет саласының ахуалы: қазақстандықтардың көзқарасы
Азаматтар арасында мемлекет мәдениет нысандарын дамытпайды және бос уақыт өткізу үшін мүмкіндік жасамайды деген пікір басым
Республикамыздағы мәдениет саласы қоғамдық дискурста маңызды тақырыптардың бірі. Бұл салаға қатысты халық екі лагерьге бөлінген деуге де болады. Бір жағы оны қарқынды дамып жатыр десе, екінші лагерь мәдениет саласын тоқырауда деп, оған терең алаңдаушылық білдіреді.
Рухани мәдениетті қарастыратын болсақ, көпшіліктің пікірі қазақстандық бірегейлік жоғалуда деген пікірді ұстанады. Соңғы онжылдықта қазақстандықтардың мәдени қажеттіліктері өзгеріске ұшырады ма? Бұрынғы зерттеулерде анықталған «мәдени салаға деген қоғамдық сұраныстың әралуандығына» тоқтау салынды ма? Және аталған әралуандық аға ұрпақтың ішінде қаншалықты таралған? Осы және де басқа да сұрақтарға отандық зерттеу орталығы – «Стратегия» қоғамдық қоры жауап іздеп көрген еді. Зерттеу қазақстандықтар арасында сауалнама арқылы жүргізілген.
Атап өтетіні – сауалнама нәтижесіне сәйкес, қоғамда «ата-бабалар дәстүрі мен ескіні жаңғыртуға бағытталған дәстүрлі қазақ мәдениетін дамытуға» сұраныстың бар екені анықталған.
2009 жылы зерттеу құрылымы жүргізген фокус-топтық талқылауларда қатысушылар мәдениет саласына, мәдени объектілерге бөлінетін қаражат көлемінің аздығына шағымданған болатын. Сондай-ақ, ауылдық аймақтардағы әлеуметтік инфрақұрылымның нашар күйде екенін де айтқан екен.
«Қоғам және мемлекет тарапынан мәдениетті дамытуға деген ынтаның төмен болуы бәсекеге қабілеттіліктің болмауына, қазақтың ұлттық мәдениетінің (дәстүрлі және заманауи) және тіліне деген қызығушылықтың төмендеуіне әкелді», - деген пікірлер қатысушылар арасында жиі кездескен. Осы орайда қазақстандықтардың пікірі қаншалықты өзгерді?
2022 жылдың наурыз айында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, респонденттердің едәуір бөлігі (45%) оң өзгерістердің жоқ екен жеткізген. Басты аргумент – мәдениет объектілерінің бұрынғы күйінде қалып қойған. Жағымды өзгерістер бар деген пікірмен әрбір төртінші респондент келіседі екен. Әрбір бесінші сауалнамаға қатысушы (18%) жергілікті билік өкілдері мәдениет нысандарына тиісті деңгейде назар аудармайтын болған деп айтқан (бұндай пікірді көбіне ауыл тұрғындары және табыс деңгейі орташа адамдар ұстанады).
1-диаграмма. «Жергілікті билік мәдениет нысандарына қаншалықты назар аудара бастады?» сұрағына жауаптар (сауалнамаға қатысқан барлық респонденттің жалпы санынан алынған %):
Сонымен қатар, оң көзқарастағы динамиканың болмауы респонденттердің «Өз тұрғылықты елді-мекеніңізде демалуға және бос уақыт өткізуге жасалған мүмкіндіктерге қанағаттанасыз ба?» сұрағына берілген жауаптармен де расталған. Мысалы, респонденттердің 49 пайызы өзгерістерге «қанағаттанамын» және «қанағаттанамын деуге болады» десе, өз кезегінде азаматтардың 44%-ы белгілі бір деңгейде қанағаттанатынын жеткізген. Алайда 2022 жылы алынған зерттеу нәтижелері мен 2009 жылдың нәтижелерін салыстырсақ келесідей қызық жайтты байқауға болады: екі кезеңде де қанағаттанатындар мен қанағаттанбайтындардың үлесі 48% и 46%-ды құраған. Бұл дегеніміз жағдайдың тоқырауда екенін және оң өзгерістердің мүлдем жоқ екенін аңғартады. «Жағдайдың одан әрі ушақпағанына да «рахмет» деп айту керек», - дейді зерттеуді ұйымдастырушылар.
2-диаграмма «Өз тұрғылықты елді-мекеніңізде демалысқа және бос уақыт өткізу үшін жасалған мүмкіндіктерге қанағаттанасыз ба?» сұрағына берілген жауаптар (2009 және 2022 жылдары алынған зерттеу нәтижелерін салыстыру):
Төменде көрсетілген 3-диаграммада демалысқа және бос уақыт өткізу үшін жасалған жағдайларға қанағаттану мәселесі бойынша өңірлер бойынша деректер келтірілген. Сонымен, салыстырмалы түрде оң баға берушілер үлесі Алматы және Шымкент қалаларында және Маңғыстау облысында басымырақ. Керісінше, БҚО, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарында бұл мәселе бойынша теріс баға берушілердің саны тым көп. Тағы бір назар аудартатын факт – Нұр-Сұлтан қаласында әрбір екінші респондент демалыс және бос уақыт өткізуге тиісті деңгейде мүмкіндік жасалмаған деген пікірді ұстанады.
3-диаграмма. «Өз тұрғылықты елді-мекеніңізде демалысқа және бос уақыт өткізу үшін жасалған мүмкіндіктерге қанағаттанасыз ба?» сұрағына берілген жауаптар (%; өңірлер бойынша келтірілген сандар)
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, мемлекет тарапынан қолдау қажет ететін бағыттар келесідей: музейлер/қорықтар, қазақтың ұлттық өнері и халық қолөнері. 2009 жылда жүргізілген сауалнамада басымдық бойынша екінші орынға жайғасқан кинематография саласы 2002 жылы 4-орынға түскен (әрбір бесінші респондент таңдаған жауап нұсқасы). Бұл орайда өзінің бұрынғы басымдығын «ескерткіштерді қорғау бойынша шаралар» да жоғалтқан. Сонымен бірге, 2022 жылдың сауалнамасында «бейнелеу өнері» мен балет бағыттары біршама басымдыққа ие болған. Зерттеуге жаңадан қосылған телесериалдар бағытын әрбір оныншы респондент қолдайтыны белгілі болған.
4-диаграмма. Сіздің ойыңызша, мәдениет саласының қандай бағыттары мемлекет тарапынан аса назар мен қолдауды талап етеді?» сұрағына берілген жауаптар (2009 және 2022 жылдары алынған зерттеу нәтижелерін салыстыру).
Осылайша, зерттеу көрсеткендей, мемлекеттің мәдениет нысандарын күту, баптау жұмысына қатысты қанағаттанбау бар. Сонымен қатар, респонденттер елді-мекендерде бос уақыт өткізу мен демалуға мүмкіндіктің болмағанына өкініш білдіреді. Мәдениет нысандарына қанағаттанбау деңгейі және мәдени қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндіктердің болмауын көбіне ауылдық аймақтарда тұратын азаматтар айтқан. Яғни, қалалықтарға қарағанда ауылдықтар арасында осындай көңіл-күй басым. Алайда бұл орайда Нұр-Сұлтан қаласының «ерекше» екенін атап өткен жөн: мәдениет нысандарды дамыту бағытының кенжелеп қалуы тұрғын-үй құрылысына басымдық берілгеннен болса керек
Зерттеудің назар аудартқан тағы бір тұсы – қоғам ішінде бұрынғы мәдени сұраныстардың өзгеріссіз сақталып қалғандығы. Олар – театр, бейнелеу өнері, әдебиет, балет.
Мұса Бағдат