$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2019, 14:43
Мәдениет

Ақан Сатаев «Томирис» фильмінің қазақша нұсқасына байланысты пікір білдірді

Отандық кинотеатрлардан «Томирис» тарихи фильмінің орысша дыбысталған нұсқасы көрсетіліп жатыр

Ақан Сатаев «Томирис» фильмінің қазақша нұсқасына байланысты пікір білдірді

Жақында «Томирис» фильмінің тұсауы кесіліп, тарихи фильмнің отандық кинотеатрлардан орысша нұсқасы көрсетіле бастаған еді. Осы мәселеге байланысты фильм режиссері Ақан Сатаев түсініктеме берді:

- Құрметті көрермен! Күні кеше «Томирис» фильмі барлық кинотеатрлардан көрсетіле бастады.

Көрермендер мен жуналистердің қойған басты сұрағы - фильмнің қазақша дыбысталған нұсқасы  бар ма? Сөзсіз, толығымен қазақ тілінде дыбысталған нұсқасы бар. Қазақ елі болғандықтан, алдымен  қазақша нұсқасын дыбыстаған едік!

Еліміздің латын әліпбиіне көшуі  ұлт үшін жасалған маңызды қадам. Фильмнің соңында  жазылатын титрлер (түсіру тобы мен актерлық топтың аты-жөндері жазылатын бөлім) латын әліпбиіне аударылу барысында көптеген грамматикалық қателердің анықталуы  және топ мүшелері  мен актерлардың  аты-жөндері құжаттарға сәйкес келмеуіне  байланысты кешіктіріліп жатыр. Құқықтық тұрғыдан біз мұндай қателермен көрсетілімге жібере алмаймыз. Аталмыш мәселені шұғыл түрде шешу үстіндеміз.

Бұны ақталу емес, сіздерге мән-жайды түсіндіру деп қабылдайтындарыңызға үміттенеміз. Фильмнің қазақша нұсқасы уақытылы дайын болмағанына, көрсетілімге кешігіп шығуына өкінішпен алдарыңызда кешірім  сұраймыз. Екі-үш күнде бұл мәселе шешуін тауып, киномызды ана тілімізде еліміздің барлық кинотеатрларында көре алатындарыңызға сенім білдіреміз.

Серіктес жаңалықтары