Димаш Құдайберген қазақстандықтарды Junior Eurovision 2021 байқауында дауыс беруге шақырды

Azattyq Rýhy

Халықаралық байқау биыл Парижде өтеді

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Францияда өтетін Junior Eurovision 2021 байқауында ел намысын қорғап жатқан Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлын қорғап, қазақстандықтарды оларға дауыс беруге шақырды.

Даңқты әнші бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында жазған.

«Биыл Париждің төрінде өтетін «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында Әлинұр Хамзин және Бекнұр Жәнібекұлы «Ертегі әлемі» әнін шырқап, еліміздің намысын қорғайтын болады. Францияның астанасынан тікелей көрсетілімді 19 желтоқсан күні 21:00-де «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар! Барша қазақстандықтарды еліміздің атынан қатысып жатқан жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырамыз. СЕНІҢ ДАУЫСЫҢ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІМІЗ», - деп жазды Димаш Құдайберген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.