26.08.2021, 14:27
Мәдениет
Димаш Құдайберген Сочиде тағы бір жаңа әнінің тұсауын кесті
Әннің сазын Еділжан Ғаббасов, сөзін Джордан Аракелян жазды
Димаш Құдайберген Сочи қаласындағ өтіп жатқан «Новая волна 2021» фестивалінде «Fly away» атты жаңа композициясын орындады. Dimashnews порталының хабарлауынша, әннің сазын композитор Еділжан Ғаббасов шығарған. Ал сөзін Джордан Аракелян жазған.
«Димаш әрдайым әннің не туралы болуы керектігін алдын ала айтады және оған мән береді. Жаңа композицияның демосын шырқағанда, Димаш оларды мәтінсіз шырқаса да, белгілі бір сөздерді тыңдауға болады. «Fly away» жаңа композициясы – рухани және шығармашылық еркіндік пен ой еркіндігі туралы ән», - дейді әннің сөзін жазған Джордан Аракелян.
Еске салайық, фестивальдің ашылуында Димаш шығыс нақышындағы «Stranger» композициясын ұсынды.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр