Қобыз үнімен өрілген: Димаш көпшілікке жаңа әнін таныстырды
Ән алғаш рет 19 тамыз күні Сочидегі Олимпиадалық парктегі New Wave Hall сахнасында шырқалды
Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің тандемі шығыс нақыштары бар, ағылшын тіліндегі жаңа әрі бірегей ән ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy dimashnews.com порталына сілтеме жасай отырып.
19 тамыз күні Сочидегі Олимпиадалық парктегі New Wave Hall сахнасында алғаш рет қобыз шырқалды. Ежелгі қазақ аспабы Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне айрықша өзгешелік бергендей.
«Stranger» («Бейтаныс») «Жаңа толқын» көрермендері үшін үлкен тосынсый болды. Ағылшын тіліндегі қазіргі заманғы әннің бүкіл қазақ халқы үшін қасиетті аспаптың үнімен өрнектелуі үлкен жаңалық болды. Димаштың орындауындағы вокализдің шебер өрілген әуені осы көпқырлы шығарманы аяқтады, ал соңғы нота көрермендерді шексіздікке жетелеп, аяқталғысы келмейтіндей болып сезілді», - делінген хабарламада.
Жаңа композицияның музыкасын орыс композиторы Игорь Крутой жазған, ал мәтіннің авторы –америкалық ақын Шарон Вон. Негізгі аранжировкамен Димитрис Контопулос (Грекия) және Ерлан Бекчурин (Қазақстан) айналысқан.
«Жаңа әнге қобыз қосу идеясы Димашқа «Stranger» әуенін алғаш естігеннен кейін келді. Әнші халық аспабы әнге керемет үйлесіп, оған керемет дыбыс береді деп шешті. Димаш дәстүрлі қазақ музыкасын дәріптеуге әрдайым зор ықыласпен қарайды», - делінген хабарламада.
Сондықтан ол қобыздың Сочидегі New Wave Hall сияқты үлкен сахнада шырқалуын қалап, кейіннен әлемнің басқа да ірі сахналарында тыңдармандарды баурап алуын жалғастырды.
«Біз «Stranger» – де қобыз партиясын орындауға талантты досымыз Олжас Құрманбекті шақырдық, себебі ол композицияның эмоциясы мен сипатын толық көлемде жеткізе алатын үздік қобызшы болып саналады. Оның арқасында ән ерекше және өзгеше дыбысқа ие болды. Мен қандай да бір шетелдік коллаборацияда қобыз дыбысталуын әрдайым армандайтынмын», – деп ой бөлісті Димаш.
Жаңа композицияға халықтық аспапты қосу туралы шешім Игорь Крутойға бірден ұнаған екен. Маэстро «Stranger» жаңа сипатқа ие болып, қызықты бола түсетінін түсінген.
«Димаштың таланты, орасан зор вокалдық мүмкіндіктері мен көптеген халықаралық аудиторияға жұмыс істеуге деген ынтасы мені жаңа ән жазуға шабыттандырды. Шынымды айтсам, мен бұл композицияны өзге әншінің қалай орындайтынын елестете де алмаймын», – деді Игорь Яковлевич.