ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Димаш Құдайберген жаңа әнін орындады

Димаш ол әнді Олжас Құрманбекпен бірге орындайды

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Новая волна 2021» халықаралық байқауының ашылу салтанатында өнер көрсетті, деп хабарлайды әншінің ресми сайты.

Сочи қаласының Олимпиадалық саябағында өткен салтанатты шара барысында Димаш алдымен «Your Love» композициясын орындады. Осы әннен кейін ақын Шарон Вонның сөзіне жазылған «Stranger» әнінің тұсаукесері болды. Димаш Құдайберген ол әнді Олжас Құрманбекпен бірге орындайды.

Фестивальде Димаш өзінің досы Олжас Құрманбекті әлемнің үздік қобызшысы ретінде таныстырып, Қазақстан атынан сәлем жолдады.

Қазылар алқасының мүшесі атанған Димаш Құдайберген өзінің қандай сезімде екені жайында айтып берді.

«Бұл менің қазылар алқасындағы алғашқы тәжірибем емес. Бұған дейін мен Қытайдағы «Super Vocal» жобасында, жақында «Славян базарында» жұмыс істедім. «Жаңа толқын» байқауында мен алғаш рет қазылар алқасының мүшесі ретінде өнер көрсетемін, бұл қуантарлық әрі жауапты сәт. Әрине, мен өз елімнің өкілдері үшін жанкүйер боламын, бірақ көмектеспеймін. Себебі конкурста принциптер бар, соның арқасында конкурс көптеген жылдар бойы өмір сүріп келеді», - деді әнші.

Биылғы конкурс финалында әлемнің 9 елінен 11 қатысушы бас жүлде үшін бақ сынайды. Байқауға қатысушыларға Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Artik & Asti, Леонид Агутин, Дима Билан және Димаш Құдайберген сияқты өнер мамандары қазылық етеді.