$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2021, 16:55
Мәдениет

Арыстанбек Мұхамедиұлы халықаралық қоғамдастыққа үндеу жасады

Экс-министр бұған дейін Алаша ханның тегіне қатысты халықаралық зерттеу жұмысы басталатынын айтты

Арыстанбек Мұхамедиұлы халықаралық қоғамдастыққа үндеу жасады

ҚР Ұлттық музейінің директоры, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Алаша ханның шығу тегіне қатысты мәселе қозғап, үндеу жасады.

«Өздеріңіз білетіндей, көптен бері еліміздің тарихын және аты аңызға айналған тұлғаларды жан-жақты зерттеп келемін. Әсіресе, мифтік образ деңгейінде қалып қойған Алаша хан төңірегіндегі жұмбақ мені ешқашан бей-жай қалдырған емес.

Алаша ханның шын мәнінде кім екенін анықтау үшін, бүгін мен халықаралық қоғамдастыққа үндеу жариялауға бел шештім.

Әрине, менің  пайымым пікірталас, бәлкім халықаралық резонанс тудыруы мүмкін, алайда бұл сырттағы елдің біздің тарихымызға, ата-тегімізге қызығушылық тудырары сөзсіз», - деп жазды экс-министр.

Ұлттық музей директоры тарих бұрмаланғанын, талай ғасырдан жұмбақ болып келе жатқан Алаша ханға қатысты сұрақтарға жауап беретін уақыт жеткенін айты.

«Алаша хан мен Шыңғыс ханды бір адам деп санайтын пікірді қолдайтындар көп. Сол себепті әлем деңгейіндегі тарихшы-ғалымдарды тарта отырып, талай ғасырдан жұмбақ болып келе жатқан сұрақтың жауабын беретін уақыт жетті», - деген А.Мұхамедиұлы видеоматериалда бұл пікірді қуаттайтын бірнеше дерек келтірген.

Айта кетейік, ғалымдар арасында Алаша ханның шығу тегі жайлы жайлы қалыптасқан бірнеше пікір бар. Кей тарихшылар Алаш хан деп жүргеніміз Керей мен Жәнібектің арғы атасы Орыс ханды десе, бірі Алаша ханды қазақтың атақты билеушісі Хақназар ханмен байланыстырады.

Бұған дейін ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Алаша ханға қатысты шетелдік ғалымдардың араласуымен ірі зерттеу жұмысы басталатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары