ШұғылҚазақстанда тағы 716 адамнан коронавирус анықталды

90 жас: Бибігүл Төлегенованы Қорғаныс министрлігі құттықтады

Белгілі опера әншісі актриса, педагог Бибігүл Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген

Атақты опера әншісі Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды. Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс  келген әншіні алғашқылардың бірі болып ҚР Қорғаныс министрлігі құттықтады. Министрдің құттықтауын Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Белгілі опера әншісі актриса, педагог Бибігүл Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген.

Әскери қызметшілерді үйінде қабылдаған әнші жас кезінен-ақ әскери адамдарға деген көзқарасының жылы екенін айтты.

«Сіздердің мамандықтарыңыз оңай емес. Оны жас кезімнен-ақ білемін, тіпті өз басымнан өткергенмін десем, артық айтқандық емес. Германияда танкке отырған едім, фотосуреттері де бар. Өмірімнің қуанышты да сәтті кезеңдері армиямен байланысты. Құттықтауларыңызға көп рахмет! Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін. Қызметтеріңіздің ауыр да қауырт екенін біле тұра, уақыт бөліп келгендеріңізге алғысымды білдіремін», - деп әнші ризашылығын білдірді.

Айта кетейік,  Бибігүл Төлегенова – қазіргі қазақстандықтар арасында КСРО Халық әртісі, «Социалистік Еңбек Ері» атақтарына ие жалғыз әйел.