$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.12.2019, 16:58
Мәдениет

Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады

Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады

Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аса құрметті Бибігүл Ахметқызы Төлегенова! Сізді осынау 90 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймын! Әлі есімде, 2015 жылы «Славян базарына» барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп, тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де жарыста жүрген кезімде жолдаған батаңыз әлі есімде. Сіздің қазақ ән өнерінің анасы екеніңіз сөзсіз. Бибігүл апа, сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз, бәрі де біз үшін болашаққа апарар үлкен белес» - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

 

Серіктес жаңалықтары